Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты отбасы": Маңғыстауда көпбалалы жанұяларға 100 мың теңге төленеді

Опубликовано:

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Нұр Отан" партиясының қамқорлығымен мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған "Бақытты отбасы" жобасын іске асыру басталады. Облыстық жұмыс тобы құрылды, онда бірқатар ұсыныстар дайындалды, олар бойынша нақты шешімдер қабылданды.

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

Бірінші-ағымдағы жылдың 2 тоқсанынан бастап көп балалы аз қамтылған отбасыларға 100 мың теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі.

Екінші–мүгедектерге, жетім балаларға және көп балалы аз қамтылған отбасыларға өз бизнесін құру үшін конкурстық негізде 500 мың теңгеге дейін гранттар беріледі.

Үшіншісі- Қазіргі уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік негізінде бір реттік оңалту курсы беріледі. Алайда, кейбір балаларға 2-ші , 3-ші оңалту курсын жүргізу қажеттілігі бар. Осыған байланысты, аз қамтылған отбасылардың мүгедек балалары үшін 2-ші оңалту курсын бюджет есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

Төртіншіден- Маңғыстау облысы орталық өңірге алшақ орналасқандықтан, денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша мүгедек балалардың Астана мен Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарына ата-анасының бірінің ілесіп барып-келуін әуе көлігімен жол жүру құнының 40 МРП-дан аспайтын мөлшерін (шамамен 100 мың теңге) төлеуге шешім қабылданды

Бесінші–қолданыстағы балабақшалар базасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар құрылады.

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

Бесінші–қолданыстағы балабақшалар базасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар құрылады.

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

Алтыншы- маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Ақтау қалаішілік және Ақтау-Мұнайлы ауданы бағытындағы қоғамдық көліктерде; ағымдағы жылдың тамызынан бастап Жаңаөзен қалаішілік қоғамдық көліктерде; 2020 жылдан бастап – Маңғыстау және Бейнеу ауданішілік қоғамдық көліктерде.

Жетіңші - жәрдемақы алуға, тұрғын үй төлемдерін алуға, жұмысқа орналасуға, тұрғын үйге кезекке тұруға, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге заңгерлік және консультациялық көмек көрсету үшін наурыз айынан бастап, "Бірыңғай әлеуметтік терезе" орталығы жұмыс істейтін болады.

Бүгінгі таңда өңірде 28 млрд. теңге сомасында халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдаудың 20 түрі көрсетіледі. 2018 жылы 1 867 аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұдан басқа, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектер, асыраушысынан айырылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға зейнетақы 7%-ға өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1779690-bakytty-otbasy-magystauda-kpbalaly-zanalarga-100-my-tege-tlenedi/

pixel