RU

"Толлассыз жиналыстар": Вице-министр мемлекеттік қызметтен кетететінін хабарлады

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев үкіметтің отставкасынан кейін, мемлекеттік қызметтен кететінін мәлімдеді. Сондай-ақ, шенеунік көпшілікті бар уақытын, ақшасы мен күшін толассыз жиналыстарға жұмсамауға шақырды. Бұл туралы Евниев өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Арман Евниев үкіметтің отставкаға кетуі таңғаларлық дүние еместігін айтты. Оның сөзінше, бұл жайттың орын алуы онсыз да күтілген. Вице-министр бұған қатысты өз ойын әлеуметтік желі арқылы жеткізуді жөн санаған.

Жариялаған жазбасында ол өз алдына бірнеше сұрақ қойған.

"Біріншіден, әрбір мемқызметкер үкімет жұмысының нәтижесіне жауапты деп санаймын. Ол маған да қатысты. Бар күшімді салып жұмыс істеген сияқтымын. Тіпті, кейбір кездері тым асыра қызмет еттім десем де болады. Әкем үнемі әрбір істі нәтижесімен мақтанарлықтай атқару керектігін үйреткен. Ал егер нәтиже қанағаттанарлықтай емес болып, тіпті ол үшін ұялатындай болсаң бұл форматта ары қарай жұмысты жалғастырудың мәні бар ма?
Екіншіден, бес айлық немеремнің қауіпсіз әрі сәтті мемлекетте өмір сүру үшін елімнің дамуына қызығушылық білдіртетін азамат ретінде, бұлай нәтижесіз жұмыс істей аламын ба? Оған қоса, бұл жүйеде тек бір бөлшек қана болу мұндай жұмысты жалғастыруды ақтап алу бола ала ма?" , - дейді вице-министр.

Бұл сауалдарды өзіне-өзі қойған Евниев бұған дейін мемлекеттік қызметтен кетіп қалған. Алайда, дұрыс бағытта қолданылатын жобалық менеджменттің сәтті жұмысын дәлелдеу үшін қайта оралған.

Вице-министр оны енгізу қадамын дұрыс деп есептейді. Алайда, ол дами түспеген.

"Бұдан шығатын нәтиже - өз күшің мен уақытыңды және салық төлеушілердің ақшасын хаттар, бұйрықтар, презентациялар мен толассыз жиналыстарға жұмсаудың қажеті жоқ. Одан да шетке кетіп, іспен айналысқаным артық" , - деп жазды Евниев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780083-tollassyz-zinalystar-vice-ministr-memlekettik-kyzmetten-ketetetinin-habarlady/