Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин Қазақстанның жаңа премьер-министрі атанды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісінің қарауына Асқар Маминнің кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды. Депутаттар кандидатураны бірауыздан қолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Мамин Қазақстанның жаңа премьер-министрі атанды
Асқар Мамин. Фото: primeminister.kz: UGC
«Мемлекет басшысы А. Маминді Қазақстан Республикасының премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды», - делінген Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасында.

Мемлекет басшысы Негізгі заңның 44 бабының 4-тармағына сәйкес «Парламент мәжілісінде ұсынылған саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін, Республика премьер-министрінің кандидатурасына келісім беру үшін Парламент мәжілісіне ұсынады; Парламент мәжiлiсiнiң келiсiмiмен Республиканың премьер-министрiнiң қызметiн тағайындайды; Республика премьер-министрін қызметінен босатады».

Министрлерді тағайындауға келетін болсақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңның 3 бабына сәйкес: «Премьер-министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде Президентке премьер-пинистрдің үкімет құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстары қабылданады».

Естеріңізге сала кетсек, Асқар Мамин 21 ақпан күні үкімет отставкаға кеткен соң премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780424-mamin-kazakstanny-zaa-premer-ministri-atandy/

pixel