RU

Досаев жаңа қызметке тағайындалатынын небары бір сағаттың ішінде білген

Ерболат Досаев депутаттарға Қазақстанның Ұлттық банкі қызметіне тағайындалуына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Ол өз сөзінде бұл қызметі жайлы бар-жоғы бір-ақ сағаттың ішінде білгендігін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерболат Досаев. Фото: primeminister.kz
Ерболат Досаев. Фото: primeminister.kz: UGC

Ерболат Досаев елдің басты қаржылық реттеушісінің төрағасы қызметіне мақұлданғаны жайлы пікір білдірді.

"Бір-ақ сағаттың ішінде білдім. Әлі қаулы қабылданданбады, мен тек сенатқа үміткер ретінде мақұлдау үшін ғана келдім. Ал шешім әлі қабылданған", - деді ол тілшілерге.

Досаев қолдау көрсеткен депуттарға алғыс айтты.

Еске сала кетейік, сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасының лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын бекіткен болатын. Кейін президент тиісті жарлыққа қол қойып, ол Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780515-dosaev-zaa-kyzmetke-tagajyndalatynyn-nebary-bir-sagatty-isinde-bilgen/