Дәурен Абаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды
Опубликовано:
Дәурен Абаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Премьер-министр кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов Қазақстан Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша комитет мүшелеріне Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына Дәурен Абаевтың кандидатурасын ұсынды.
Нәтижесінде, депутаттар жаңа Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшысы лауазымына Абаевтың кандидатурасын мақұлдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780519-duren-abaev-akparat-zne-kogamdyk-damu-ministri-kyzmetine-tagajyndaldy/