"Ол жақсы министр болды": Дәленов ҰЭМ экс-басшысы Сүлейменов туралы айтты

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ҰЭМ бұрынғы басшысы Тимур Сүлейменовтің отставкадан кейін қайда кететіні туралы қойылған сұраққа жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Тимур Сүлейменов, Руслан Дәленов. Фото: today.kz, primeminister.kz
Тимур Сүлейменов, Руслан Дәленов. Фото: today.kz, primeminister.kz: Depositphotos
"Әлі белгісіз. Әрине, ол жұмыссыз қалмайды. Ол жақсы министр болды", - деп қысқа қайырды Дәленов.

Оған қоса, Дәленов тілшіге "жынымды келтірмеңізші" деп жауап қайырған, бүгінде өз қол астына көшкен вице-министр Серік Жұманғарин туралы пікірімен бөлісті.

"Ол кешірім сұрады, қазір уайымдап жүр. Менің ойымша, олай жауап беруге болмайды. Біз мұны тоқтатуымыз керек", - деді ол.

Айта кетелік, Ұлттық экономика министрі атанған Руслан Дәленов осыған дейін вице-министр қызметінде болды. Ал отставкаға дейін министрлікті Тимур Сүлейменов басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780631-ol-zaksy-ministr-boldy-dlenov-em-eks-bassysy-slejmenov-turaly-ajtty/