Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі тағайындалды
Опубликовано:
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Мадияр Меңілбеков Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл қызметте Мадияр Меңілбеков Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифті алмастырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780634-kazakstanny-ba-degi-elsisi-tagajyndaldy/