Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шағымданыңыздар": Дәленов тарифтерге қатысты әр жағдайды бақылауға алмақ

Опубликовано:

Бүгін үкімет ғимаратында Қазақстанның жаңа министрлері ресми түрде ант қабылдады. Министрлер кабинетінің отырысынан кейін бірқатар министрлер журналистердің сұрақтарына жауап берді деп жазады NUR.KZ.

Руслан Дәленов. Фото: Хабар 24
Руслан Дәленов. Фото: Хабар 24: Depositphotos

Жаңа Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өз пошта жәшігінен коммуналдық қызметтер бойынша түбіртекті алып, онда тарифтердің нақты 10 пайызға төмендегенін көргенін айтты

"Электр бойынша тариф 15,32 теңге болған- қазір 13,89. Бұл Астана бойынша көрсеткіш. Жылыту 3097 теңге болған- қазір 2788 теңге. 10 пайызға төмендеген", - деді министр.

Сондай-ақ, министр мәселе туындаған жағдайда өзіне шағымдану қажеттігін, ол әр жағдайды бақылауға алатынын алға тартты.

Ол әр қала мен облыс үшін түбіртектегі деректерді салыстыру мақсатында тарифтік торды сайттарда іліп қоюға уәде берді.

"Шағымданыңыздар. Мен әр жағдайды бақылауға аламын. Төмендеу пайызы уәде етілгендей болуы керек. Адамдар өзгерістерді сезінуі қажет", - деді Дәленов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780644-sagymdanyyzdar-dlenov-tarifterge-katysty-r-zagdajdy-bakylauga-almak/

pixel