Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевтың қатысуымен Астанада "Нұр Отанның" съезі өтіп жатыр

Опубликовано:

Бүгін Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 2000-нан астам партия мүшелері қатысып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Назарбаевтың қатысуымен Астанада "Нұр Отанның" съезі өтіп жатыр
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда/архив: UGC

Онда партияның жаңа бағдарламасы жарияланады. Сондай-ақ, жарғыға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер талқыланады деп күтілуде.

Айта кетерлігі, Нұр Отан партиясы 1999 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Отан" партиясы деген атаумен құрылған еді.

2006 жылдың 22 желтоқсанында "Отан" демократиялық партиясын "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780884-nazarbaevty-katysuymen-astanada-nr-otanny-sezi-tip-zatyr/

pixel