Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Мұғалімдер үш айда ағылшын тілін қалай меңгеріп алады?

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан үштілдідік саясатының енуіне көңілі толмайтынын жеткізді. Президенттің айтуынша, ұстаздарға үш айда ағылшын тілін меңгеру қиынға соғады екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Үштілділік саясатын біртіндеп енгізуіміз керек. Балалардың болашағын ойлауымыз керек. Әр азамат өзінің ана тілі – қазақ тілін, сосын орыс тілін, әлемнің тілі –ағылшын тілін білу керек. Бірақ ол жұмыс бірден атқарылмайды ғой? Ертең бар да тілді меңгеріп ал деген жоқ қой? Алдымен падагогтарға ағылшын тілін үйретуіміз керек.
Физика, химиядан сабақ беретін ұстаздар қалай аз уақытта ағылшынды меңгеріп алады? Ал біздің министрлік аз уақытта үйреніп ал, сосын ағылшынша сабақ бер деген талап қойған. Ал оқытты дейік, сондай үш айлық курста математика мұғалімі ағылшынды үйреніп алады деп ойлайсыздар ма? Осыған кеткен қыруар қаражатты айтсаңыздаршы?", - деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев үш тілділік саясатына біртіндеп көшу қажеттігін айтты.

"Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса беретін болады. Мен алдында айтқандай, әр өңірде жетекші бір жоғарғы оқу орны, он колледж болуы тиіс",-деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780928-nazarbaev-mgalimder-s-ajda-agylsyn-tilin-kalaj-megerip-alady/

pixel