RU

Президент: Халық үлкен қалаларға жұмыс іздеп келеді, ал баспана жоқ

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі үлкен қалалардың шет аймақтары мәселесін шешу керектігін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Мемлекет басшысы үлкен қалалардың ішіне ғана емес, сыртқы аймақтарына көңіл бөлу қажеттігін айтты.

"Халық үлкен қалаларға жұмыс іздеп келеді, ал баспана жоқ. Сондықтан ірі қалалардың шет аймақтарын дамыту үшін, 2019-2021 жылдарға бюджеттен қосымша 90 млрд теңге бөлуді тапсырамын.

Мен бұл тұрғыда Алматы қаласында осы мәселені қалай шешілгендігін айтқым келеді. Білесіздер ғой, бұрындары әр адамға берілетін шаршы метр 15 шаршы метрден асса, оларды "пропискаға" тұрғызбайды. Неге осы жүйені басқа да ірі қалаларға енгізбеске?",-деді президент.

Сонымен бірге, президент қала шетіндегі аймақтарды сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесін салу үшін бюджеттен 80 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті.

"Сол сияқты электр тарту және жол жүргізу үшін 140 млрд теңге бөлуді тапсырамын", - деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780941-prezident-halyk-lken-kalalarga-zmys-izdep-keledi-al-baspana-zok/