Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Ауылда тұратын 7,5 млн халықтың да жағдайын жақсартуымыз керек

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Нұр Отан" партиясының съезінде болашағы жоқ ауылдардың санын қысқартып, аудан орталықтарында мектеп-интернаттар салуды тапсырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: ca-times.org
Фото: ca-times.org: Facebook
"Ауылда тұратын 7,5 млн халықтың да жағдайын жақсартуымыз керек. Үкімет пен әкімдер аймақтардағы болашағы бар ауылдарды анықтап, олардағы әлеуметтік жағдайды жақсарту керек. Кезінде ауыл шаруашылығы министрі Есімов болған кезде қай ауылға қандай көмек керектігі нақты анықталған еді.
Мысалы біреуге интернат салуы керек, бір ауылға басқа дегендей. Ал бізде кей ауылда 5, 10, жарайды 20 отбасы бар делік. Сол ауылға барып мектеп салу керек пе? Аудандарда мектеп салған уақытта интернат та салу керек. Шалғайда жатқан, халық саны аз ауылдарда тұратын отбасылардың балаларын сол интернаттарда оқыту керек", - деді Елбасы.

Сонымен қатар президент ауыл адамдарын жұмыспен қамту мәселесін де көтерді.

"Ол үшін бізде шағын несиелер бар. Сосын азаматтарды қазіргі заманға қажет мамандықтарға тегін оқыту мәселесі де бар. Жол картасы бар. Бағдарлама көп, тек жұмыс істеу керек. Осы орайда үкіметке "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Осы мақсатта бюджетен 90 млрд теңге бөлуді тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1780968-nazarbaev-auylda-tratyn-75-mln-halykty-da-zagdajyn-zaksartuymyz-kerek/

pixel