Түркістандағы ресми сайтта облыс әкімі ретінде әлі де Түймебаев көрсетіліп тұр
Опубликовано:
Түркістандықтар Өмірзақ Шөкеев облысқа әкім болып келгелі ресми сайтты әлі күнге дейін жаңартпаған. Бұған себеп сайттың әкім ретінде әлі Жансейіт Түймебаевты көрсетіп тұрғаны деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

Өмірзақ Шөкеев 26 ақпан күні президент жарлығымен Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалса да, ресми интернет ресурста Түркістан облысының басшысы және әкімнің блогы деген тұста әлі Жансейіт Түймебаев туралы мәлімет тұр.

Ал Ақтөбе облысының әкімдігі мәліметті жаңарту бойынша түркістандық әріптестеріне қарағанда пысықтық танытқан.
Ресми сайтта жаңа әкім туралы мәлімет енгізіліп қойған.

Еске сала кетейік, 26 ақпанда Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне, ал Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі қызметіне кірісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781172-trkistandagy-resmi-sajtta-oblys-kimi-retinde-li-de-tjmebaev-krsetilip-tr/