Экс-әкім Жансейіт Түймебаевтың жаңа қызметі белгілі болды
Опубликовано:
Түркістан облысының бұрынғы әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының Өкімімен:
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781253-eks-kim-zansejit-tjmebaevty-zaa-kyzmeti-belgili-boldy/