Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин: Қарапайым адамдардың мәселесін шешу керек

Опубликовано:

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларын жүзеге асыруда бюрократия мен формализмге жол берілмеуін талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асқар Мамин. Фото: премьер-министрдің баспасөз қызметі
Асқар Мамин. Фото: премьер-министрдің баспасөз қызметі: UGC
"Әлеуметтік қамқорлық шараларын сапалы және уақытында іске асыру қажет. Үкімет мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша тиімді жұмыс жүргізуі тиіс. Бюрократия мен формализмге жол берілмесін. Қарапайым адамдардың мәселелерін шешу керек", - деді Мамин.

Үкімет басшысы ірі қалалардың қала маңы аумағында, шағын және моно қалаларда тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, жаңа тұрақты жұмыс орындарын әсіресе ауылдарда құру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын салу, олардың қолжетімділігі мен қызмет сапасын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

Премьер-министр әлеуметтік қамқорлық шараларының әрбір бағыты бойынша орындау мерзімі мен жауапты органдар нақты көрсетіліп, үш күн ішінде жол карталарын дайындауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781259-mamin-karapajym-adamdardy-mselesin-sesu-kerek/