Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызметім қорқынышты, күлмеу керек": Жаңа министрлер өз әсерлерімен бөлісті

Опубликовано:

27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының съезінде жаңа министрлер ел алдына бірінші рет шықты. Жиналыстың үзіліс уақытында шенеуніктер жаңа қызметке орналасуына байланысты өздерінің эмоцияларымен бөлісті деп хабарлайды Время газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

фото: Время газеті
фото: Время газеті: Facebook

Ең алғашқы болып өзінің қандай күйде жүргенін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтып берді.

"Менде министр қызметіне үйренісу үшін жарты күн болды. Қандай да бір "дембель хатын, құпия жәшікті маған берген жоқ", - деп әзілдеді ол.

Дәленов белгілі бір уақытқа осы лауазымға жауапты болатынын түсінетінін, сосын орнын басқаға ауыстыратынын айтты.

"Адам эйфорияны бастан кешірмеу керек. Бірақ жауапкершілікті сезініп, бәріне де дайын болғаны жөн. Менің әлеуметтік пакетім өзгерген жоқ. Тек кабинетім үлкендеп, жұмысым үш есеге артты", - деді ол.

Автор ұлттық экономика министрімен салыстырғанда, басқа ведомство басшылары БАҚ өкілдерімен айтарлықтай эмоциямен тілдеспегенін алға тартты.

"Кеше менің бірінші жұмыс күнім өтті. Кешірім сұраймын, суық тигізіп алғандықтан менің даусым шықпай тұр. Сол себепті пікір білдіре алмаймын. Расында менің тамағым ауырып тұр", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.

Білім және ғылым министрі тағайындауға қатысты қысқа жауап қайырды.

"Жаңа қызметім қорқынышты, бірақ кешіріңіздер, әзірге ешқандай пікір білдіргім келмейді", - деді Күләш Шамшидинова.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та өз пікірін білдіре кеткен.

"Министр көп күлмеуі керек, себебі министрдің ауқымды әрі қиын жұмысы жетіп артылады", - деді ІІМ басшысы.

Ол полицейлер аттестациядан өткенше ескі формамен жүретінін айтты.

Бұл ақпаратты көшіріп жазу және пайдалану үшін "Издательство Время" ЖШС рұқсатын алу міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781333-kyzmetim-korkynysty-klmeu-kerek-zaa-ministrler-z-serlerimen-blisti/

pixel