Қалетаев премьер-министр кеңсесіне басшы болып тағайындалды
Опубликовано:
Бүгін Үкімет үйінде премьер-министр Асқар Мамин премьер-министр кеңсесінің ұжымына жаңа басшы Дархан Кәлетаевты таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дархан Калетаев 1972 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысында өмірге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқару менеджері.
Еңбек жолын 1995 жылы бастады.
Калетаев - саясаттану ғылымдарының докторы.
"Құрмет", "Парасат" ордендерімен және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған.
Ол президент әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болды.
2018 жылы 4 сәуір айынан 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстанның қоғамдық даму министрі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781358-kaletaev-premer-ministr-kesesine-bassy-bolyp-tagajyndaldy/