Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Жоғары сот кеңесінің мүшелерін тағайындады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары сот кеңесі мүшелерін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: vss.gov.kz
Фото: vss.gov.kz: Instagram

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 862 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Жанғұттинов Мейрам Құрмашұлы, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Елемесов Нұрмаханбет Мақсұтұлы, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Манапов Ел-Назар Тұрсынбекұлы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Қаудыров Төлеш Ерденұлы, "Қазақстанның заңгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақылбай Серік Байсейітұлы тағайындалды.

Адвокат Раисова Балгүл Амангелдіқызы Жоғары Кеңес құрамына адвокаттық қауымдастықтан қайта тағайындалды.

Осы Жарлықпен Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері А.Д. Балағұмарованың, Л.С. Кудекованың, Е.Қ. Қаржаубаевтың, Ә.Ж. Құрықбаевтың, Н.Ә. Пазыловтың, М.А. Хожабергеновтің өкілеттіктері тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781502-nazarbaev-zogary-sot-keesini-mselerin-tagajyndady/

pixel