RU

Жамбыл облысында жаңа прокурор тағайындалды

Жамбыл облысында жаңа прокурорды тағайындады. Лауазымды қызметке Жарқын Құсайынов келді деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: UGC

Бұған дейін ол өңір прокурорының орынбасары болған. Бұл тағайындау бұрынғы прокурор Ибрагим Имановтың зейнетке шығуына байланысты орын алған.

Құсайынов Жарқын Қуанышұлы Алматы тумасы болып шықты. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын 1993 жылы бас прокуратура істерін басқару канцеляриясының инспекторы болып бастаған.

Оған қоса, Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып, бас әскери прокуратура да түрлі қызметте істеді.

Прокурор орынбасары қызметіне 2018 жылдың сәуір айының басында келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781787-zambyl-oblysynda-zaa-prokuror-tagajyndaldy/