Назарбаев салқын тигізіп алған екі нәзік жандыға өз қолымен дәрі ұсынды (видео)

Опубликовано:

Ақорда өз Instagram парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен өткен "Көктем шуағы" атты кездесуінен видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Видео астындағы жазбада мемлекет басшысының суық тиіп қалған екі әйелге назар аударғаны айтылған.

"Бүгін "Ақорда" резиденциясында мемлекет басшысы әйелдер қауымы өкілдерімен "Көктем шуағы" атты кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан қыз-келіншектердің ішінде екеуінің салқын тигізіп алып, жөтеліп отырғанын аңғарған Елбасы оларға көңіл бөліп, қамқорлық танытты. Президент орнынан тұрып, өз қолымен дәрі апарып берді. Сондай-ақ, оларға зор денсаулық тілеп, тезірек сауығып кетуіне ниеттестік білдірді", - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1782470-nazarbaev-salkyn-tigizip-algan-eki-nzik-zandyga-z-kolymen-dri-syndy-video/