RU

Белгілі саясаттанушы депутаттарды парламентте төбелесуге шақырды

Қазақстандық танымал саясаттанушы Айдос Сарым қоғам парламенттегі жанжалды көруді қалайтынын KAZ.NUR.KZ порталына мәлімдеді.

Саясаттанушы депутаттарды парламентте төбелесуге шақырды
Көрнекі фото: azattyq.org: Facebook

Оның сөзінше, парламенттің негізгі міндеті - халық мүддесін қорғау. Халық өзінің наразылығын ашық митингте айта алмағандықтан, депутаттар бұл міндетті алулары керек.

«Қырғызстан мен Украинадағы жағдайдан кейін халықты сабасына түсірген парламент болды. Парламенттің басты міндеті - қоғамдағы ауқымды топтардың мүддесін қорғау. Тіпті Бішкек пен Киевтегідей төбелесуге тура келсе де. Шындығында парламенттегі төбелес, нотариальды кеңсе немесе президент әкімшілігінің принтерінен пайдалы», - деп есептейді Сарым.

Саясаттанушының пікірінше, «Билікке ашуланып отырған адам, парламентте біреу оның ойын жеткізіп, сол үшін төбелесіп жатқанын теледидардан көрсе, ол ертең алаңға шықпайды, өз ісімен айналыса береді».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1782991-belgili-saasattanusy-deputattardy-parlamentte-tbelesuge-sakyrdy/