RU

Руслан Дәленов өзінің қазақстандық костюмін көрсетті (фото, видео)

Үкіметтегі баспасөз-конференциясында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық киім кию туралы сөзімен келісетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Журналистердің отандық киім туралы қойған сұрағына жауап берген министр өз костюмін ашып, заттаңбадағы жазуды оқи бастаған.

"Мен мемлекет басшысының сөздерін толық қолдаймын және қазақстандық өнімді тұтынамын. Мысалы, менің үстімде Қазақстанда жасалған костюм", -деді Дәленов.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, бұрынғы Үкімет отставкаға кетпей тұрып, мелмекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық министрлерге отандық өнімдерді пайдалануды бұйырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783019-ruslan-dlenov-zini-kazakstandyk-kostumin-krsetti-foto-video/