Ерлан Тұрғымбаев темір өткізуге шектеу қоюды ұсынды
Опубликовано:
Iшкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ елдегі металл өткізуді, соның ішінде кәріз құдықтарының люктерін лицензиялау жайлы ұсыныс жасау керектігін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жеткіншектің қайтыс болғанына бәрі куә болды. Әр уақытта төтенше жағдай орын алады. Менің ойымша ІІМ-ге темір өткізуді лицензиялау жайлы ұсыныс жасауға уақыт келді.
Қабылдауға болмайын, металлдың қандай да бір түріне шектеу болса. Өйткені олар арнайы коммуналдық қызметтер үшін дайындалған", - дейді Ерлан Тұрғымбаев.
Сондай-ақ министрдің сөзінше, елдегі төтенше жағдайлар мен қайғылы өрт оқиғаларында, газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау мәселесінде тікелей халықпен жұмыс істеу керек.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Астанада 13 жастағы жеткіншектің денесі құдықтан табылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783133-erlan-trgymbaev-temir-tkizuge-sekteu-koudy-syndy/