RU

"Бұл өте жақсы": Нығматулин базар аралап жүрген Дәленовті мақтады

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин "Бір тараптан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қарау барысында жаңа Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті мақтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: NUR.KZ, youtube.com
Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: NUR.KZ, youtube.com: Twitter
"Сіз өз ісіңізді атқару барысында базардағы суреттерді алып жүргеніңізге қарап, сіздің базар аралайтыныңызды түсінуге болады. Бұл өте жақсы. Өңірлерге баратын болсаңыз, ол жақтан тағы бір мәселені байқайтын боласыз. Биылғы жылы Павлодар облысынан бастап барлық өңірлерде картоп пен қияр өнімін сату іс жүзінде бұзылып кетті.
Оның бір себебі, нарықтың екіжақты келісім бойынша төмендетілген баж салығы арқылы (ред-шет елден ) келген тауарлармен толып кетуі деуге болады", - деп кеңес берді Нығматулин.

Оған қоса, спикер Дәленовті тізбені толық қарап шығуға шақырды.

"Біз қазақстандық тауар өндірушілердің, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілірінің арасында бәсекелестік болуын қамтамасыз етіп, ол қорғалмаған жағдайда кем дегенде үкімет тарапынан қолдау көрсетуіміз керек", - деп түйіндеді ол.

Бұл сұраққа жауап берген Дәленов барлығын бақылауға алатынын айтты.

"Аталған мәселені бақылауға аламыз", - деп уәде берді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783224-bl-te-zaksy-nygmatulin-bazar-aralap-zrgen-dlenovti-maktady/