Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірзақ Шөкеев Үкімет басшысына бірқатар өтінішін айтты

Опубликовано:

Өмірзақ Шөкеев Үкімет басшысына бірқатар өтінішін айтты. Соның ішінде, ол қол астындағы қызметкерлерінің жалақы мәселесіне алаңдап отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Асқар Маминнің Түркістан облысына жасаған сапары қаланы дамытуға бағытталған жиынмен жалғасты. Жиында облыс басшысы алда атқарылатын жұмыстар жоспары туралы кеңінен мағлұмат берді. Сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандардың қазіргі жұмыс барысы туралы да сөз етті.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Баяндама соңында Өмірзақ Шөкеев Маминге бірқатар мәселелерді шешіп беруді сұрады. Атап айтқанда, Әзірет Сұлтан мұражай-қорығының құрылыс салуды реттеу үшін ЮНЕСКО ұйымының келісімін алу жайты кешеуілдеп отыр екен.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев өңірді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 9 млрд теңге сұрады. Облыс басшысы мемлекеттік қызметкерлердің жалақасына факторлық-балдық шкала енгізілсе деген өтінішін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783839-mirzak-skeev-kimet-bassysyna-birkatar-tinisin-ajtty/

pixel