RU

Путин өкілеттілігін тоқтатқан Назарбаевқа қатысты пікір білдірді

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан президенті лауазымынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото akorda.kz
Фото akorda.kz: UGC

Әшімбаев: Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданды>>>

Нұрсұлтан Назарбаев құрметті сенатор атағын алды>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды>>>

Ресей басшысы үкімет отырысы кезінде өкілеттілігін тоқтатқан Назарбаев туралы өз пікірін айтты.

"Одақтас елде болып жатқан саяси оқиғалардан хабардармыз. Билік сабақтастығы қамтамасыз етіледі деген үміттеміз. Билік басынан кеткен Назарбаевқа бірлесе атқарған жұмыстар үшін алғыс айтып, сәттілік тілейміз", - деді Путин.

Бұған үкімет отырысына қатысушылар үлкен қошемет көрсетті.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 19 наурыз күні 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасап, президент өкілеттігін тоқтатынын хабарлады.

Бүгін Астанада қос палатаның бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде Қазақстан халқы алдында ант қабылдады.

Сондай-ақ, Дариға Назарбаева парламент сенатының спикері болып тағайындалды.

Барлық 44 сенатор Дариға Назарбаеваның кандидатурасын мақұлдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784571-putin-kilettiligin-toktatkan-nazarbaevka-katysty-pikir-bildirdi/