Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нумеролог келесі президент сайлауына оңтайлы мерзімді атады

Опубликовано:

Нумеролог Ирина Кальницкая Нұрсұлтан Назарбаевтың 19 наурыз күні сағат 19:00-де отставкаға кету туралы шешіміне пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл күн осындай мәлімдеме үшін өте қолайлы болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нумеролог сайлауға оңтайлы күндерді атады
Фото: digital.report: UGC

Нумерологтің сөзінше, 19 наурыз санындағы бірліктер - өзгерістер мен жаңарулардың басталуын білдіреді екен. Оның ойынша, жалпы алғанда 19 саны мансап жолындағы күнді бейнейлейтін өте қуатты сан.

"Басшылықтың ауысыуы 19-ы күніне түскені - алда бізде бәрі жақсы болатынын білдіреді", - дейді нумеролог.

Сондай-ақ, Ирина Кальницкая президенттік сайлауға оңтайлы күнді атады.

Оның айтуынша, мемлекет басшысын сәуір айының соңы мен мамыр айының басында сайлаған дұрыс. Оған қоса, тамыз айы да жаңа президентті сайлауға таптырмайтын кезең. Себебі нумерологияда тамыз - әділдік айы болып саналады екен.

Одан бөлек, нумерология сарапшысы 1953 жылдың 17 мамырында дүниеге келген жаңа басшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне сараптама жасады.

"17 саны жұлдыз бен жаратушының саны... Бұл күн - күллі қазақстандықтар бір жұлдыздың астында жарқын болашаққа жол бастайды деген сөз",- деп аяқтады Ирина Кальницкая.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784589-numerolog-kelesi-prezident-sajlauyna-otajly-merzimdi-atady/

pixel