RU

Путин Тоқаевты Қазақстан президенті болуымен құттықтады

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті міндетін атқара бастағанымен құттықтады. Ресей басшысы Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: angi.ru
Фото: angi.ru: Depositphotos

Құттықтау жеделхатында Путин Тоқаевтың қазақ-ресей қарым-қатынасының нығаюына жеке өзінің үлесін қосқан білікті мемлекеттік қайраткер екенін баса айтып өтті.

"Бірлесе отырып, барлық салаларда ресей-қазақстандық құрылымдық ынтымақтастықты жалғастырып, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерді шешуде де серіктестік әрекеттестікті сақтайтынымызға сенімдімін.
Бұл бауырлас елдер мүддесіне сай, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту бағытында жүретіні белгілі", - деп жазды Владимир Путин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784608-putin-tokaevty-kazakstan-prezidenti-boluymen-kttyktady/