Нұрлан Онжанов президент кеңсесінің бастығы қызметіне тағайындалды
Опубликовано:
21 наурыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Онжановты президент кеңсесінің бастығы қызметіне тағайындау туралы құжатқа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасы президенті кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", - деп жазылған құжатта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784693-nrlan-onzanov-prezident-kesesini-bastygy-kyzmetine-tagajyndaldy/