Қазақстан президенті алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады
Опубликовано:
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
"Сапар барысында облыс орталығы құрылысының барысымен танысу, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап көру, сондай-ақ өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр", - деді ол.
Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Берік Құрманғали Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784849-kazakstan-prezidenti-algasky-zmys-saparyn-kasietti-trkistannan-bastady/