RU

Мамин Астананың не себепті Нұр-Сұлтан болып өзгертілгенін түсіндірді

Асқар Мамин Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгертілуінің басты себебін ашып түсіндірді. Оған қоса, премьер-министр елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын жеткізген деп жазады "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: Facebook

Асқар Маминнің сөзінше, "мемлекетіміздің негізін қалаушысының есімі мен оның жаңа астанасын тарихқа жазып қалдыру - ұрпақтар алдындағы міндетіміз".

Премьер-министрдің мәләмдеуінше, Елбасының "Астананың өркендеуі - Қазақстанның өркендеуі" атты бағдарламасының арқасында елорда мен басқа өңірлер елеулі түрде дами түсті. Бұл халықаралық қоғамдағы Қазақстанның беделін арттыруға өз септігін тигізді.

Премьер-министр астананың жаңа атауы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, үлкен мақсаттарды белгілемек. Оған қоса, Мамин қала тұрғындары бәрібір де астаналықтар болып қалатынын жеткізді.

"Себебі Нұр-Сұлтан - Қазақстанның астанасы" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784914-mamin-astanany-ne-sebepti-nr-sltan-bolyp-zgertilgenin-tsindirdi/