RU

Әсет Исекешев президент әкімшілігінің жетекшесі қызметінен босатылды

Әсет Исекешев президент әкімшілігінің төрағасы қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: UGC
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Орынтайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты президент әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылсын", - деп хабарлайды президенттің ресми сайты.

Еске сала кетейік, президент әкімшілігінің жаңа басшысы болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалған.

Әсет Исекешев президент әкімшілігіне дейін Нұр-Сұлтанның (сол кездегі Астана) әкімі қызметінде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784942-set-isekesev-prezident-kimsiligini-zeteksesi-kyzmetinen-bosatyldy/