RU

Тоқаев Есімовке бірқатар тапсырма жүктеді

Қасым-Жомарт Тоқаев "Самрұқ-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу өткізді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Фото: 24.kz dknews.kz Коллаж: NUR.KZ
Фото: 24.kz dknews.kz Коллаж: NUR.KZ: Getty Images

Кездесу барысында мемлекет басшысына "Самрұқ-Қазынаның" соңғы екі айдағы жұмысының нәтижесіне қатысты есеп берілді. Оған қоса, қорды дамыту стратегиясын іске асыру аясындағы жоспарлар айтылды.

Сонымен қатар, Тоқаев "Самрұқ-Қазына" компанияларының IPO-ға шығу үрдісі мен қор активтерін жекешелендіру туралы ақпарат алды.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784952-tokaev-esimovke-birkatar-tapsyrma-zktedi/