Шпекбаев Тоқаевқа жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы жөнінде есеп берді
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесу өткізді деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің мемлекеттік қызмет саласында жүргізіп жатқаны жұмысы мен жемқорлыққа қарсы күресі жөнінде есеп берілді.
Қазақстан президенті агенттіктің мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылы мен мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесін реформалау жағдайы туралы толыққанды ақпарат алды.
Кездесу соңыеда, мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784960-spekbaev-tokaevka-zemkorlykka-karsy-kyzmetti-zmysy-zninde-esep-berdi/