Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Зеникенұлы Сыздықов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұл қызметті Ғалымжан Қойшыбаев атқарған болатын. Мемлекет басшысы оны 25 наурыз күні жұмысынан босатты.
Сондай-ақ, Қойшыбаев бүгін ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785285-tokaev-syrtky-ister-ministrini-orynbasaryn-tagajyndady/