Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші қазақ тілі мен орыс тілі": Тоқаев үштілділікке қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев үш тілділік бағдарламасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Құрманғали Берік Уәлиұлы өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Президенттің баспасөз қызметі
Фото: Президенттің баспасөз қызметі: UGC

Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

"Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек", – деді Қазақстан президенті.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мегаполис пен облыс әкімдерін жинап кеңес өткізді.

Сондай-ақ кеңес барысында мемлекет басшысы жағдайы төмен азаматтар үшін жалдамалы пәтерлерді беру мәселесін жеделдетуді тапсырып, әкімдерге халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785417-birinsi-kazak-tili-men-orys-tili-tokaev-stildilikke-katysty-pikir-bildirdi/

pixel