Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қала және облыс басшыларына Ақордада қандай тапсырма берді?

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысқан кеңес Ақордада өтуде. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

фото: Ақорда
фото: Ақорда: Facebook

Жиын барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайыловтың, премьер-министрдің орынбасарлары Жеңіс Қасымбек пен Гүлшара Әбдіқалықованың, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың есептері тыңдалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақты екенін және мемлекеттік бағдарламалардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, кейбір бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

"Тұңғыш президентіміз - Елбасының сарабдал саясатының арқасында ең қиын кезеңдерге табысты төтеп беріп, экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз еттік және халықтың әл-ауқатын арттырдық.
Қазіргі таңда осы қарқынды сақтауды, жұмыс тәсілдерін жетілдіруді және жүктелген міндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз ету қажет. Басты мақсат - азаматтарымыздың әл-ауқатын және болашаққа деген сенімін арттыру", - деді Қазақстан президенті.

Жиын соңында мемлекет басшысы экономиканың өсімін, инвестиция тарту ісін қамтамасыз етуге, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, өңірлердегі инфрақұрылымдық және экологиялық өткір проблемаларды шешуге, су тасқынының алдын алуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге, сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және оны жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Берілген тапсырмалардың бәрін қатаң бақылауда ұстау Президент әкімшілігіне тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785432-tokaev-kala-zne-oblys-bassylaryna-akordada-kandaj-tapsyrma-berdi/