"Рөлдегі" бір апта: Қазақстан президенті атанған Тоқаев қандай іс атқарды?
Опубликовано:
20 наурыз күні жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қол қойып, ант қабылдады. Мемлекет басшысының президент лауазымындағы алғашқы бір аптасы қалай өткендігі туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

2019 жылы 19 наурыз күні, сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.
Мемлекеттің конституциясына сәйкес, мемлекет басшысының міндетін атқару Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті.
Елбасы президент лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсыруға болатынын айтты.
20 наурыз күні жаңа президент Конституцияға қолын қойып, ант қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында Астана қаласына Елбасының атын беруді ұсынды. Нәтижесінде қазір елордамыз "Нұр-Сұлтан" болып аталды.
Одан бөлек, мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін еліміздегі басты қалалардың орталық көшелеріне беру, Елбасының құрметіне монумент тұрғызу туралы ұсыныс айтты.
Республикалық қалаларда Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметі үшін көшелер пайда болды.
20 наурыз, сәрсенбі саяси оқиғаларға толы күн болды.
Парламент сенатының спикері болып Дариға Назарбаева сайланды.
Сол күні мемлекет басшысы президент лауазымындағы ең бірінші кездесуінде премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдап, тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының төрағалығымен президент әкімшілігінің басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ президенттің көмекшілері қатысқан кеңес өтті.
21 наурыз күні елордада өтіп жатқан Наурыз мерекесіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев бірге келді.
Онда ұлттық нақышта киінген еліміздің тұңғыш президенті жас жұбайларға бата берді.
Осыдан кейін мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесіп, кешкісін ресми түрде қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
22 наурыз күні Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қызметкерлерінің жалақысын бірінші шілдеден маусымның біріне ауыстыруды тапсырды.
Содан кейін мемлекет басшылары Эмомали Рахмонмен, Армен Саркисянмен, Реджеп Эрдоганмен, сондай-ақ Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті.
Мереке күні Тоқаев үкіметке көктемгі су тасқынына дайындалуды тапсырып, әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны құттықтады.

23 наурызда Қазақстан президенті алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады.
Осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев ел орталығы Астана қаласын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.
24 наурыз күні оны президент лауазымымен Петр Порошенко мен Дональд Трамп құттықтады.
Содан кейін мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты президент әкімшілігінің жетекшісі етіп тағайындау туралы, ал Марат Тажинді мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындау жөніндегі жарлыққа қол қойды.
Сол күні кешкісін мемлекет басшысы футболдан Қазақстан-Ресей арасындағы ойынға келіп қатысты. Іріктеу кезеңі үшін болған матчта Ресей құрамасы жеңіске жетті.
25 наурыз күні Тоқаевтың жарлығымен Дархан Қалетаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Президент сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған Ғалымжан Қойшыбаевты жұмысынан босатты.
26 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қаламқас" кен орнындағы өрт мәселесін жеке бақылауында ұстап, қадағалайтынын айтты.
"Үкіметке «Қаламқас» кен орнындағы өртті тоқтатып, төтенше жағдайды қалыпқа келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым. Бұл мәселе менің бақылауымда", - деді президент.
Бүгін, 27 наурызда Тоқаев Ақордаға Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент әкімдерін жинады.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті Ақорда резиденциясында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозерді қабылдап, алғашқы салтанатты рәсімді өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785477-rldegi-bir-apta-kazakstan-prezidenti-atangan-tokaev-kandaj-is-atkardy/