Дариға Назарбаева тікұшақ апатында мерт болғандардың жанұясына көңіл айтты
Опубликовано:
Парламент cенатының төрағасы Дариға Назарбаева Қызылорда облысында апатқа ұшыраған тікұшақта қаза тапқан экипаж мүшелерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 адамның бәрі қаза тапты: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады>>>
Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Қаза тапқандардың аты-жөні анықталды>>>
Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатына қатысты видео үндеу жариялады>>>
Бұл туралы сенаттың баспасөз қызметі жариялады.
Онда сенат спикерінің жеделхат жолдағаны айтылған.
"Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін әскери борышын адал атқара жүріп қаза тапқандардың аты жүрегімізде мәңгі сақталады, - деді Дариға Назарбаева.
Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785602-dariga-nazarbaeva-tiksak-apatynda-mert-bolgandardy-zanasyna-kil-ajtty/