Назарбаев тікұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты
Опубликовано:
Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысында әскери тікұшақтың апатқа ұшыруына байланысты қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруы салдарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
"Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды.
Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан.
Оқиғаға қатысты пікір білдірген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экипаж мүшелерінің қаза болғанын жеткізіп, олардың жақындарына көңіл айтты.
Бүгін Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, борттағы 13 адамның барлығы қаза болғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785687-nazarbaev-tiksak-apatynan-kaza-bolgandardy-zakyndaryna-kil-ajtty/