Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосыла ма: Министрлік түсініктеме берді
Опубликовано:
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі желіде тарап кеткен қазақстандықтардың тегіне "Нұр" сөзі қосылып жазылады деген хабарламаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі газетте басылған мақаланың 1 сәуір – күлкі күніне арналған әзіл-қалжың екенін хабарлады.
Министрліктің баспасөз хатшысы Айжан Мусинованың сөзінше, бұл жалған ақпарат болып табылады.
Ол мәліметтің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп өтті:
- материалда жазылған индустрия және цифрлық даму министрлігі Қазақстанда жоқ;
- қаулы болса, онда түсіндірмені мемлекеттік органның нақты өкілі береді немесе кем дегенде өз аты-жөнін, лауазымын көрсетеді;
- астындағы дереккөз – "бірінші сәуірдегі Щучинск" деп көрсетілген, осыдан-ақ бірінші сәуірге арналған әзіл екенін түсінуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785803-kazakstandyktardy-tegine-nr-kosyla-ma-ministrlik-tsinikteme-berdi/