Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев 29 наурызға дейін іс-шараларда неке жүзігімен жүрген

Опубликовано:

Ақорданың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев жұбайымен ажырасып кеткен. Алайда, мемлекет басшысы ретінде қатысқан барлық іс-шараларында президент неке жүзігімен болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото akorda.kz
Фото akorda.kz: UGC

24 наурыз. Президент Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің ойынына қатысқан.

Онымен бірге футбол тамашалауға Асқар Мамин, Бақытжан Сағынтаев және Әділбек Жақсыбеков болды.

Алайда неке жүзігі мемлекет басшысының саусағында ғана жарқырап тұрды.

Фото akorda.kz
Фото akorda.kz: UGC

Айта кетерлігі, оның қасындағы шенеуніктердің үшеуі де отбасылы адамдар Бірақ, олар әйелінің бар екенін растайтын жүзікті тағуды жөн санамаған.

online.zakon.kz сайтының мәліметінше, ,Маминнің әйелінің аты - Алтынай, Сағынтаевтың жары - Ғалия, Жақсыбековтің жұбайының есімі - Ляззат.

28 наурыз. Ресей президентінің көмекшісі Андрей Фурсенкомен кездесу. Неке жүзігі өз орнында.

Фото akorda.kz
Фото akorda.kz: UGC

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаевтың ажырасып кеткені туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785959-tokaev-29-nauryzga-dejin-is-saralarda-neke-zzigimen-zrgen/

pixel