Министр Тұрғымбаев Нұр-Сұлтандағы автобус апатына қатысты пікір білдірді
Опубликовано:
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтандағы автобустардың қатысуымен болған жантүршігерлік жол апатына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сергек" камераларынан сіздер де оның қалай жүргенін көрдіңіздер. Егер тежегіші істен шыққанда, жүргізуші апатқа жол бермеу үшін қандай да бір шараларды қолға алатын еді", - деді Тұрғымбаев.
Ішкі істер министрі қазіргі уақытта медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын, сол арқылы жүргізушінің неден көз жұмғаны анықталатынын атап өтті.
"Автобус та техникалық сараптамадан өтуде. Көліктің алдыңғы жағының быт-шыты шыққан. Бір ай ішінде жауабын береміз деп ойлаймын", - дейді ол.
Еске сала кетсек, 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Дала мен Қабанбай көшелерінің қиылысында үш автобус, жедел жәрдем мен жеңіл көліктің қатысумен болған жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы 27 тұрғын ауруханаға түскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1786534-ministr-trgymbaev-nr-sltandagy-avtobus-apatyna-katysty-pikir-bildirdi/