Гүлнар Каримованың қорғаушысы оның орналасқан жерін айтып қойды

Опубликовано:

Гүлнар Каримованың қорғаушысы оның дәл қазір қай жерде екенін айтты. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың үлкен қызының мүддесін қорғайтын швейцариялық қорғаушы Грегорай Манжа Twitter-де "#Karimova" хэштегімен пост жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Гүлнар Каримованың қорғаушысы оның орналасқан жерін жайып салды
Фото: ehonews.kz: UGC

Ол өз парақшасында № 21 Зангиатиндық әйелдер түрмесіне келгенін хабарлады.

"Клиентпен кездесу үшін қолайлы жағдайлар қарастырудамын", - деп жазды Манжа.

Жазбаның алдына "#Karimova" хэштегін қойған.

Сондай-ақ, ол түзеу мекемесін суретке түсіріп, бұл оның екінші күні екенін жазған.

Еске сала кетсек, Гүлнар Каримованың тұтқындалғандығы туралы ақпарат 6 наурыз күні пайда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1786684-glnar-karimovany-korgausysy-ony-ornalaskan-zerin-ajtyp-kojdy/

jitsu gif