Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларын тағайындады

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінде тағайындаулар жүргізді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларын тағайындады
Фото: Аkorda.kz: UGC
Мемлекет басшысының өкімімен:

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы қарулы күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды;

Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен:

Мұрат Жәлелұлы Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды;

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787320-tokaev-korganys-ministrini-orynbasarlaryn-tagajyndady/

pixel