Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләззат Танысбай "QAZAQSTAN" ұлттық арнасын басқаратын болды

Опубликовано:

Ләззат Танысбай "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ ұжымының төрайымы болып тағайындалды. Жаңа басшыны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қазақстан ұлттық арнасы
Фото: Қазақстан ұлттық арнасы: Facebook

Министр бұл жаңалықпен өз Facebook парақшасында бөліскен.

"Қымбатты достар! Бүгін "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ ұжымына жаңа басшы – Ләззат Танысбайды таныстырдым.
Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.
Ал бұған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тілеймін!", - деп жазған Абаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787637-lzzat-tanysbaj-qazaqstan-lttyk-arnasyn-baskaratyn-boldy/

pixel