Данияр Ақышев Назарбаевтың көмекшісі болып тағайындалды
Опубликовано:
Данияр Ақышев жаңа қызметке тағайындалды. Бұған қатысты тұңғыш президент - Елбасының шешімі Ақорданың сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі болып тағайындалсын" , - деп жазылған құжатта.
Айта кетейік, Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағасы қызметінен осы жылдың 25 ақпанында кеткен болатын. 28 ақпан күні ол Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787866-daniar-akysev-nazarbaevty-kmeksisi-bolyp-tagajyndaldy/