RU

23 сәуірде президенттікке таласатын басты үміткер белгілі болмақ

Танымал қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев сайлау кампаниясының негізгі үміткері қашан анықталатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Telegram-да жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Саясаттанушы сайлау кампаниясының басты жұмбағы қашан шешілетінін айтты
Фото:Еgemen.kz: UGC
"Nur Otan" партиясының съезді ағымдағы жылдың 23 сәуірінде өтеді. Сол күні сайлау кампаниясының басты жұмбағы шешіледі. Басқарушы партияның негізгі кандидаты ұсынылып, президенттікке таластың негізгі фавориті анықталады", - деп жазды саясаттанушы.

Еске сала кетейік, бүгін 10 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" атынан президенттікке үміткер ұсынуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788109-23-suirde-prezidenttikke-talasatyn-basty-mitker-belgili-bolmak/