Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталыққа барды (фото)

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталыққа барды
Фото: Ақорда: Twitter

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты.

Орталық мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік, салық және статистикалық есептер, кедендік рәсімдер, ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету және кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру мәселелері жөнінде тегін кеңес беріледі.
Тоқаев «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталыққа барды
Фото: Ақорда: Instagram

Сонымен қатар, президентке «Бастау-Бизнес» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы баяндалды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобалары: түйе шаруашылығы, репетиторлік орталық, типография, сұлулық салоны, стоматологиялық кабинет, балабақша және басқа да бастамалар таныстырылды.

Тоқаев «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін орталыққа барды
Фото: Ақорда: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788390-tokaev-bir-tereze-kagidasy-bojynsa-kyzmet-krsetetin-ortalykka-bardy-foto/

pixel