Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде маңызды кадрлық тағайындаулар жүргізілді

Опубликовано:

Қазақстанда 11-12 сәуір күндері көптеген жаңа тағайындаулар орын алды. Көлік прокуроры ауысып, бірнеше облысқа жаңа прокурорлар тағайындалды. Сондай-ақ, қала әкімдіктерінде де кадрлық ауысулар жүргізілді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда көптеген кадрлық тағайындаулар болды
Көрнекі фото:Аngi.ru: Facebook

Кеше 11 сәуір күні Ернат Сыбанқұлов Қазақстанның бас көлік прокуроры болып тағайындалды.

Нұрлан Бижанов Қызылорда облысының жаңа прокуроры атанды.

Халидулла Дәуешов Атырау облысының прокуратурасына басшылық ететін болды.

Облыс орталықтарының әкімдіктерінде де кадрлық ауысулар орын алды.

Павлодар облысының әкімдігінде де өзгерістер орын алды. Асхат Оралов Болат Бақауовтың орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік салаға жетекшілік ететін болады.

Сонымен бірге, Болат Жұмабеков Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ал қаланың бұрынғы әкімі Марат Тасмағанбетов қазір СҚО әкімінің бірінші орынбасары болды.

Бүгін 12 сәуір күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов әкімдікке Талдықорғанның жаңа басшысы Ғалымжан Әбдірайымовты таныстырды.

Бұған дейін аталған қызметті 2018 жылдың мамырынан бастап Дастан Шалтабаев атқарған болатын. Алайда шенеуніктің ісімі жуырда жанжалға ілікті.

Еске сала кетейік, Алматыда қымбат нөмірлі Camry көлігінен тапанша мен қыруар ақша табылған болатын. Әлеуметтік желіде тапанша табылған жүргізуші Талдықорған әкімінің ұлы немесе туысы болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788478-elimizde-mayzdy-kadrlyk-tagajyndaular-zrgizildi/

pixel